Мол мүмкіндік сыйлады

Қазақ атамыздың «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген ықылым замандарда айтқан сөзі бүгінгі күні де айрықша мәнге ие болып отыр. Біз де ата-ана ретінде ұлымызға «Бұл заман – білекке емес, білімге сенетін заман» екендігін ұғындыруға тырыстық. Осы мақсатта ұлымыз Тілекберген Әбішевті аймағымыздағы беделді білім ордасы – Жезқазған қазақ-түрік лицейіне оқуға бердік. Осы оқу орнында дарындылығымен көзге түскен ол ҰБТ-да лицей қабырғасынан алған білімін дәлелдеп, 125 балл жинап, біздің ғана емес, облысымыздың да мерейін асқақтатқан болатын.

Осы орайда, ата-ана ретінде біздің қуанышымызға ортақтасып, білімді жастардың жанашыры, қолдаушысы бола білген Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мырзаға үлкен алғыс айтып, ризашылығымды білдіргім келеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, аймақ басшысы облыс бойынша дарынды балаларды марапаттау рәсімінде Тілекбергенге «Еуропаға саяхат» сертификатын табыстаған болатын. Болашақтағы мамандығына байланысты ұлымыз Еуропа елдерінің ішінен Италияны таңдады. Италияда тек тынығып қана қоймай, қалаларының тартымды сәулетімен де танысып, жақында ғана елге ерекше әсермен оралды.

Бұл саяхат Тілекберген үшін айрықша маңызға ие болды. Бұл – оны болашақ мамандығына жалғаған көпір іспеттес. Сондықтан да, біз өз кезегімізде Нұрмұхамбет Қанапияұлына ұлымызға осындай мүмкіндік сыйлағаны үшін алғыс айта отырып, ел болашағы – білімді жастарға жасап жатқан жақсылықтарыңыз бен игі істеріңіз өз жемісін бере берсін деген ниетімізді жеткізгіміз келеді. Келешекте де халықтың сенімі мен алғысына бөленіп, білікті басшы ретінде ел игілігі үшін еңбек ете беріңіз!

Зәуре ЫСҚАҚОВА.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.