Мәскеуде қаза тапқан қыздың анасы жантебірентерлік жазба қалдырды

Мәскеуде қапыда қаза тапқан қазақстандық студенттің анасы Жанна Ахметова қызы Томирис Байсафадан айырылып қалғаннан кейінгі өмірін айтып берді. Қызының ендігі жоқтығына көне алмай жүрген ананың жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты, — деп хабарлайды «Қамшы» ақпараттық агенттігі

«Өмірім «өткен» және «болашақ» болып екіге бөлінді. Бүгін бұл сұмдықтың ешқашан бітпесін түсіндім. Әр таң ұйқымнан оянамын, бірақ ештеңе өзгерер емес. Мұны өзімнің тек бүгінім деп түсінемін. Менің үнсіздігімді әркім өзінше бағамдап алған. Томирисімнің кіммен кездескенін сөз қылып, мені дағыстандықтардан ақша алып отыр дейді. Естеріңді жиыңдар. Мұндай сұмдықты бастарыңа бермесін. Тергеу ісінің мән-жайын жақын уақытта бөлісетін боламын, достар», — деп жазды Жанна Ахметова өзінің Instagram желісіндегі парақшасына.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.