Спорт

Мәдени орталықтағы мәнді әңгіме

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында «Астана» өңірлік қолбасшылығы әс­керлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің сарбаздары Теміртау қаласында орналасқан ҚР Тұңғыш Президентінің мәдени орталығында болып, Ел­басы өмірбаянына қатысты мәлімет­термен жете танысты.
Сарбаздардың экскурсиясы «Еліміздің Тұңғыш Президенті – жаңа Тәуелсіз елдің іргесін қалаушы, Қазақстан халқының көшбасшысы» тақырыбы бойынша ұйымдастырылды. Экскурсия жетекшілері оларды Мемлекет басшысы мәдени орталығының залдарындағы жәдігерлермен толыққанды таныстырып, олардың алуан түрлі сауалдарына жауап берді. Жеке құрам егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдері, сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі туралы дәрістерді де тыңдады.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Суретті түсірген автор.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button