Жаңалықтар

Мұғалімнің жалақысы өседі

Жаңа оқу жылында үшінші, алтыншы, сегізінші сынып мұғалімдерінің айлықтары 30 пайызға көбейеді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вицеминистрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, 30 пайызға көп жалақы әр мұғалімге санатына байланысты қосылады. Ауыл мұғалімдері тағы да 25 пайыз қосымша жалақы алады.

– Бұрын екінші, бесінші, жетінші сынып мұғалімдерінің айлықтары өскен еді. Осы жылы оларға үшінші, алтыншы, сегізінші сынып мұғалімдері қосылды. Яғни, барлық сыныптың 75 пайызы. Одан әрі қарай төртінші, тоғызыншы сыныптар болады. Содан кейін 10,11 сыныптар қосылады. Бәрі қосымша ақы алатын болады, – деді ол.

ҚР БҒМ мәліметіне сүйенсек, Қазақстан бойынша 205 мың мұғалім жалақысына қосымша ақша алады. Осы мақсатта үкімет тарапы республикалық бюджеттен қаражат бөліп отыр.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button