Әлемде не әңгіме?

Эрадж Боев,

«Ирантілді халықтардың конгрессі»

қоғамдық ұйымының төрағасы:

Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесті бірқатар өзекті мәселелерден тұрады, олар жаһандық мәселеге назар аудартуға бағытталған. Манифест аталмыш проблемаларды шешуге нақты жолдарды ұсынып отыр. Елбасының әлемдің бейбітшілікті құруға жаһан елдерінің қатысуы негізінде бейбіт диалог пен қауіпсіздік үшін жауапкершілік жатыр.

Халықаралық проблеманы шешу ретінде соғыстан мүлдем бас тарту әлемдік қауіпсіздіктің басты мақсаты болып табылады. Тұрақты әлемнің географиясы халықаралық қарусызданудың әскери активизациядан бас тарту негізіне бекітілген.Манифест ауқымды гуманистік мағынаға ие. Ол 2016 жылы БҰҰ халықаралық форумын жоғары деңгейде өткізуде аса үлкен мәнге ие болып отыр.

Андре Новак,

Бундестаг депутаттық бюросының жетекшісі:

Ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту арқылы Қазақстан өзге елдерге үлкен үлгі көрсетті. Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл өте маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Бундестагтағы Linke партиясы Қазақстан басшысының бастамаларын толықтай қолдайды.

Гюнтер Кнабе,

Орталық Азия

елдері бойынша сарапшы:

АҚШ-та ұсынылған манифест дүниежүзі үшін өте маңызды. Әлемнің түкпір-түкпірінде қарулы қақтығыстан көбейіп барады. Ал бұл құжатта соғысты тоқтату туралы айтылады. Егер, ядролық қару террористер қолына түссе не боларын елестетудің өзі қиын. Сондықтан, Қазақстан Президентінің бастамасы өте орынды және уақытылы айтылып отыр.

Рэй Хаммонд, футуролог, Ұлыбритания:

Қазақстан Президентінің Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» атты манифесі уақыт ағымына сай деп ойлаймын. Оның шара барысында көтерген мәселелері жалпы адамзат үшін аса маңызды. Менің ойымша, қарудан бас тарту өте дұрыс шешім. Сонымен қатар, ядролық технологияларды энергия алу үшін қолдану керек. Себебі, климаттың өзгеруі мен жаһандық жылыну кезеңінде бұл қуат көзі таптырмас байлық болатыны сөзсіз. Біздің еліміз аталмыш манифестті құптайды.

                                                                                             Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.