Бас тақырып

Кеншілер рекорд орнатты

ERG Еуразиялық топ құрамына кіретін «Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері разрез ашылған уақыттан бастап 170 миллион тонна көмір өндіріпті. Олар бұл жетістіктерін еуразия тобының 25 жылдық мерейтойына арнап отыр.

Кәсіпорын үшін ғана емес, еліміздің тау-кен өндіру саласы үшін айтарлықтай жетістікке №1 «Орталық» разрезінің экскаваторшылар бригадасы қол жеткізіпті. Машинист Ахмадия Ахметов пен көмекшісі Николай Затонныйдың есімдері қуаты жоғары, күлі аз бірегей көмірдің осынша көлемін өндіргені үшін кәсіпорын тарихында қалады. «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Андрей Сафроновтың айтуынша, мұндай жетістікке жету – барлық ұжымның жүйелі жұмысының нәтижесі.

Былтырғы жылы кәсіпорын 11 миллион 600 мың тонна көмір өндірген болатын. Биыл бұдан да асып түсу мүмкіндігі зор. Себебі, кәсіпорын осы жылы инвестициялық бағдарлама аясында тау-кен өндіру құралдарын жаңалауды қолға алды. Заманауи 11 өзі аударатын жүк көлігін және қосымша 18 техника, жаңа экскаватор алынды. Сонымен қатар, теміржол инфрақұрылымын жаңарту, кеншілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button