КӨРМЕНІ КӨРІП ОРАЛДЫ

Ж.Бөкенов атындағы Қарағанды банк колледжінің ұжымы және оның басшылығы әрқашан өзінің жаңашылдық бастамаларымен көрінуді әдетке айналдырған.

Өткен маусым айының соңғы күндерінде колледждің барлық ұстаздары, шаруашылық және жатақхана қызметкерлері, оқу озаттары,  қамқорлықтағы студенттерді қамтыған барлығы 250 адам төрт күнге бөлініп Астанаға барып, «ЭКСПО – 2017» көрмесін тамашалап қайтты. Мұндай игі шараға колледж директоры Алтынтөре Бөкеновтың өзі бастамашы болды.

Әрқайсысы 4000 теңгеден тұратын барлық билеттің құны және оларды апаратын №2 автобус паркі берген 4 автобустың құны сияқты, барлығы 1 миллион теңгеден астам шығынды колледждің өзі көтерді. Оларды қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында Қарағанды мен Ақмола облысы ІІД-нің жол-патруль полициясы қызметкерлері машиналарымен бастап жүрді.

Колледж ұжымы мен оқушылар бұл сапарға дән риза. Олар бірнеше павильонды аралап, ХХ ғасырдың баламалы энергия көздерінің қандай болатындығын көрді, концерттерді тамашалап, көтеріңкі көңіл-күймен оралды. Көптеген жайларға қанығып, көкейлеріне көп нәрсе түйіп қайтты.

 

Сүйіндік ЖАНЫСБАЙ.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.