Күдікті ұсталды

  Балқашта 18 жастағы қыздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды.

Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, бақылау камераларындағы жазбаларды тексеру барысында қыздың жігітпен гараж жаққа өтіп бара жатқаны анықталған. Алдымен қылмысты ашу үшін криминалды полиция қызметкерлерінің қыздың танылмаған бейнесін анықтап туыстарын тез тапқан. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жасар қала тұрғынын ұстаған. Қылмыскер кінәсін толықтай мойындаған көрінеді.

Қазіргі уақытта, жігіттің 18 жастағы қызды өлтіруінің себебін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Нұрдос КӘРІМ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.