Іске сәт, әріптес!
«Қазақ газеттері» ЖШС Редакторлар кеңесінің төрағасы – Бас директор Шәмшидин ПАТТЕЕВТІҢ бұйрығымен осы медиахолдингтің Қарағанды облысындағы өкілі болып Амандық РАХҰЛЫ тағайындалды.
Амандық Рахұлы – «Орталық Қазақстан» газетінің ардагер журналистерінің бірі, Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі.
Қаламы жүйрік әріптесіміздің есімі көзі қырағы оқырманға жақсы таныс. Амандық Рахұлы «Орталықтың» беттерінде көкейкесті мәселелерді көптеп көтергені мәлім.
Жалпы, «Қазақ газеттері» ЖШС – еліміздің ақпарат кеңістігінде өзіндік орнын айқындаған медиахолдингтің бірі. Оның құрамында алты басылым — «Ана тілі», «Уйғур авази», «Экономика» газеттері мен «Ақиқат», «Үркер» және «Мысль» журналдары бар. Амандық Рахұлы осы басылымдардың облыс аймағында таралуына, сондай-ақ, облыс өміріндегі елеулі жаңалықтардың басылым беттерінде жарық көруіне атсалысады.
Іске сәт, әріптес!
Өз тілшімізден.