Бас тақырып
Головкин мәлімдеме жасады
Геннадий Головкин DAZN стримингілік сервисімен келісімшартқа қол қойды. Осы келісімнен кейін орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы спорттың мансабында жаңа кезеңнің басталғанын мәлімдеді.
“Мен қайта оралдым! DAZN-мен бірге спорт мансабымның жаңа парағын бастауға дайынмын”, – деді Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі жазбасында.
Былғары қолғап шебері DAZN стримингілік сервисімен үш жылға келісім шартқа отырған. Осы уақыт аралығында ол алты жекпе-жек өткізуі керек.