Жаңалықтар

Гараждан бастау алған алпауыт

Идея – баға жетпес қазына. Егер, ол әлсіз болса, қисапсыз қаражат пен билік ұшпаққа шығармайды. Жетістікке жету үшін идея және төзім керек. Өзгесін өмірдің өзі ұсынады. Мәселен, ел жақсы білетін алпауыт Google компаниясының тарихы ескі гараждан басталады.

Бұрын білмеген дүниені кітаптан іздеп, көпті көрген адамнан сұрайтын едік. Қазір ондай машақат ұмыт қалды. Смартфонды қолға алып, іздеген ақпаратты Google-ге терсеңіз жетіп жатыр. Қалаған дүниеңізді әп-сәтте алақанға салып береді. Ал, осы компанияны Стэнфорд университетінің сутденттері Ларри Пейдж бен Сергей Брин гаражда отырып ашты десе сенер ме едіңіз? Иә, иә. Бүгінде өзіндік құны 400 миллиард АҚШ доллары тұратын компания әу баста ескі гаражда ашылған. Бастапқыда онда небары төрт адам қызмет еткен.

Тағы бір қызығы, компанияның атауы ағылшынның googol сөзін қате жазудан туындаған. Бірде Сергей Брин Sun Microsystems компаниясының қожайыны Энди Бехтольшейммен кездесіп қалады. Бірден өздерінің жобасын таныстырып, қолдау көрсетуін сұрайды. Асығыс екенін айтқан кәсіпкер Google Incorporated компаниясының атына 100 мың долларлық чек жазып береді. Ол кезде мұндай компания еш жерде тіркелмеген еді. Ал, студенттер банктен ақшаны алу үшін компания атауын Google деп өзгертуге мәжбүр болған. Кейін бұл брендке айналды. Оның қате жазылған сөз екені ешкімнің басын ауыртпады да.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button