Федоровта – флеш-моб
Бүгін судан құтқару станциясы маңайындағы Федоров су қоймасы жағалауында флеш-моб өтеді. Көпшілікке арналған шара «Бірде-бір өлім суда болмасын» тақырыбын қамтиды.
Акцияның мақсаты – қала су айдындарында адамдардың қауіпсіздігі мен жаз мезгіліндегі төтенше жағдайларды ескерту. Шараны ұйымдастырушылар – Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, «Мир Добра» қоғамдық бірлестігі, «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының» Қарағандыдағы бөлімшесі, Қарағанды қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметі, Қарағанды қаласының әкімдігі және Қарағанды облысы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы.
– Бүгінгі акция аясында біз қала тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреміз. Тілсіз жаудан сақтану ережелері жазылған парақшаларды таратамыз. Еріктілер мен Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері келушілерге алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керектігін көрсетеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.