Басты тақырыпОблыс әкімі

Ерлан Қошанов түлектерді мерекелерімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов түлектерді құттықтау үшін Шет ауданының Жарық ауылдық мектебіне келді. Биыл ауыл мектебінен 34 оқушы түлемек.  Олардың үшеуі “Алтын белгіге” үміткер.

– Бүгін мен сіздерді әр адамның өміріндегі ең маңызды оқиғалардың бірімен құттықтау үшін арнайы келдім. Мен Қарағанды облысының барлық түлектерін мектеп бітіруімен құттықтағым келеді, – деді Ерлан Қошанов. – Сіздердің алдарыңызда барлық жолдар ашылды. Мемлекет жастарға барлық мүмкіндіктерді жасауда – оқуға гранттар бар. Дәл қазір алдарыңызда тұрған басты мәселе – «келешекте кім боламын?» деген сұраққа жауап іздеу. Менің ойымша, сіздер дұрыс таңдау жасап, өз жолдарыңызды таба аласыздар. 

Өңір басшысы түлектерге уақытты бағалап, алға қойған мақсаттарға еш күмәнсіз қадам басуға кеңес берді. Ал осы түлектерге тәлім-тәрбие берген мұғалімдерге алғыс хат, педагогикалық еңбек ардагерлеріне – облыс әкімінің Құрмет грамотасын табыс етті.
Сыйлыққа сондай-ақ ауылдық мектеп екі интерактивті тақта сатып алуға сертификат алды.
Мектеп бітірушілерді ардагер-ұстаз Мақпуза Сабитова қарсы алды. Жарты ғасыр шамасында ол осы мектептің оқушыларына математикадан сабақ берген. 
Балалардың айтуынша, олардың барлығы өздері үшін қандай мамандықты меңгеретіндерін таңдап үлгерген. 21 түлек қазақстандық жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсырады. Мектеп бітірушілердің көбісі қарағандылық университеттерге барғысы келеді. “Алтын белгіге” үміткерлердің бірі Аружан Ысқақова Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне “Есеп және аудит” мамандығына құжаттар тапсыратынын айтты.
Ауылда Түлектер аллеясы ашылып, он бірінші сынып оқушылары  ағаш  отырғызды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
 

Басқа материалдар

Back to top button