Жаңалықтар

Ерекше көлдер

Адам баласы он сегіз мың ғаламның сырына толық қаныққан жоқ. Галактиканы былай қойғанда, су айдындарының да құпиясы сыр алдырмай келеді. «Білгенге маржан» айдарының бүгінгі шығарылымында әлемдегі жаратылысы ерекше бес көлге тоқталамыз. Олардың біреуі қазақ жерінде орналасқан.

Балқаш көлі

Қазақстандағы бұл көл – әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі. Оның ерекшелігі – жарты бөлігі тұзды су, ал келесі жартысы тұщы су болуында. Бұл екі бөлік арасындағы тепе-теңдікті ортасында орналасқан 3,5 шақырымдық жер бөлігі арқылы ұстап тұр.

Плитвиц көлдері

 Хорватиядағы бұл көлдер – әлемдегі ең әдемі жерлердің бірі. Оған 16 көл кіреді, олардың әрқайсысы сарқырамамен немесе үңгірмен байланысқан.

 Дон-Жуан көлі

1961 жылы Антарктидада ашылған гипергалиндық көл – әлемдегі ең тұзды су. Көл суының 40 пайызы тұздан тұрады. Ол оңтүстік полюске жақын орналасса да, тұз мөлшерінің көптігі судың қатпауына әсер етеді.

Лагуна-Колорадо

Боливиядағы бұл көлдің түсі қанды қызыл. Ғалымдар мұны көлде өсетін қызыл балдырлар себебінен деп түсіндіреді.

 Қайнап жатқан көл

Доминика аралындағы бұл көл – әлемдегі ең ыстық су көзінің бірі. Көлдің жағасындағы су температурасы 80-90 градусқа дейін жетеді. Ал, ортаңғы бөлігінің температурасы әлі анықталған жоқ.

 Маржан терген Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button