Спорт

Ендігі мақсат – алтын

Жуырда жерлесіміз Әсет ҚЫДЫРБАЕВ бразилиялық джиу-джитсудан Еуропаның ашық чемпионатында қола жүлдегер атанды.

Сурет ekaraganda.kz сайтынан

Бұл бәсеке Португалия астанасы Лиссабонда жыл сайын өтеді. Осы жолы турнирге 100 елден 5000-ға жуық спортшы қатысқан. Еуропа чемпионатына ел намысын қорғауға он саңлағымыз аттанды. Солардың бірі – жерлесіміз Әсет ерледі.

Қарағандылық спортшы төрт кездесу өткізді. Ол алғашқы жекпе-жекте швециялық қарсыласын, екінші айналымда поляк спортшысын жеңіп, жартылай финалда ағылшын қарсыласына жол береді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде француз джитсерінен басым түсті. Әсеттің джиу-джитсумен шұғылданғанына аса көп болмаған. Бұрын дзюдомен айналысқан. Спортшы бас бапкері – елордалық Арманжан Рузахуновқа дән риза. Ендігі мақсаты – алдағы әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізу.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button