Елімізде тағы екі адамнан коронавирус анықталды  

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі елімізде тағы екі адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады.

Сырқатқа шалдыққандың бірі 1958 жылы туған ер адам. Ол Алматыға Мәскеуден 10 наурыз күні ұшып келген. Қазір карантинде жатыр. Ал, екінші науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Ол елордаға Варшавадан келген.

Қазірге дейін елімізде 6 адамнан коронавирус анықталды. Олардың төртеуі — Алматы, екеуі  Нұр-Сұлтан қаласында.