Ел ықыласы жан жадыратты

Нұра жұрты үлкен іске ұйытқы болды. Аудан әкімі Ниқанбай ОМАРХАНОВ бастаған аудан халқының қолдауымен әкеміз, «Даңқ» орденінің толық кавалері, КСРО, ҚазКСР және Қазақстан Республикасының елуден астам мемлекеттік наградаларының иегері – Мүтәш СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ құрметіне ескерткіш (обелиск) және «Мәңгілік алау» кешені салтанатты түрде ашылды. Осы орайда, аудандық әкімдік мамандарына, жерлестерімізге әулетіміздің атынан алғысымызды білдіреміз.

Әкеміз Мүтәш Сүлейменов Мәскеудің Қызыл алаңында 1945 жылдың 24 маусымында өткен Ұлы Жеңістің іріктеу шеруінің қатысушысы. ІІ Белорусь майданының алдыңғы қатарында Кремль қабырғасына неміс туларын лақтыруға қатысқан. 
Ол Мәскеудегі Қызыл алаңда 1980, 1985, 1990, 1995, 2000, 2005 жылдары өткен  Жеңіс шерулеріне қатысты. Ол – шерулерге Қазақстан атынан үздіксіз барған жалғыз қазақ.
Қарағанды қаласының және Нұра ауданының Құрметті азаматы атақтарының иегері. КСРО және ҚазКСР білім беру ісінің үздігі.
Биыл 9 мамырда Нұра ауданының Кертінді ауылында әкеміздің бейнесі қашалған ескерткіш пен «Мәңгілік алау» кешені орнатылды. Бұл істің жүзеге асуына себепкер болған аудан әкімі Ниқанбай Иманғалиұлы Омархановқа, Кертінді ауылының әкімі Ғалым Төлеубайұлы Хасеновке, Мүтәш Сүлейменов атындағы мектептің директоры Рахымтай Сектайұлы Наримановқа, оқушыларды салтанатты рәсімге дайындап, алауды тұтатқан мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, Ауғанстан соғысының ардагері, КСРО марапатының иегері Еркін Әлімжанұлы Мұхамеджановқа, мектептің оқу ісінің меңгерушісі Бекболат Ерғалиұлы Әубәкіровке, мұғалім Олжас Асхатұлы Қоқановқа, көркемдік жетекші Сағдат Дүйсенбіқызы Исмановаға, домбыра үйірмесінің жетекшісі Асхат Қасенбайұлы Қоқановқа және мектеп ұжымына ризашылығымызды білдіреміз.

Сәуір айының суық күндерінде іргетасын қалап, бес бұрышты жұлдыз қойған, «Мәңгілік алауды» құрастырған Кертінді ауылының жастарына ерекше алғыс айтқымыз келеді. Ескерткіш – Бауыржан Сайлаубекұлы Мусин мен Мұратбек Амангелдіұлы Тәжібаевтың еңбегі.
Ескерткіш тасты Ниқанбай Омарханов, Мүтәш Сүлейменовтің қызы Жұпар Сүлейменова, Ерболат Әубәкіров және Қайыржан Бекішев ашты. Сондай-ақ, батыр әкеміздің есімін жаңғырту жолында көмек қолын созған жерлестеріміз – Берік Рамазанұлы Инкабековке, Мейрам Төлеутайұлы Ысқақовқа, Қайыр Сағатұлы Әубәкіровке, Тельман Ақашұлы Әлімбаевқа, Құдайберген Жұмабековке және мектепке жасаған сыйлығы үшін Ауғанстан соғысының  ардагері, Нұра кентінің тұрғыны Нияз Жанайдарұлы Әубәкіровке алғыс айтамыз.

Құрметпен,

М.СҮЛЕЙМЕНОВТІҢ
балалары және немерелері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.