Коронавирус

Димаш Құдайберген: “Дәрігерлер ең жоғары құрметке лайық”

Белгілі әнші Димаш Құдайберген өзге адамдарға көмек көрсету үшін өз өмірлерін қатерге тіккен дәрігерлер қауымына алғыс білдірді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің ең жоғары құрметке лайық екенін айтты. Ол бұл туралы өзінің “Instagram” парақшасында жазған.

“Кеше Қазақстанда екі адам коронавирустан емделгені туралы жаңалық оқыдым. Қазақстандағы және әлемдегі барлық дәрігерлерге басымды иемін. Әншілер мен кино жұлдыздары әрдайым қошеметке ие болады, бірақ менің көзқарасым бойынша – дәрігерлер одан да зор құрметке лайық. Еліміздегі барлық дәрігердің жалақысы көтерілсе жақсы болар еді», – деп жазды ол. 

Басқа материалдар

Back to top button