Ресми

Департаментте – жаңа басшы

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқарушылық жүйесі департаменті басшысы лауазымына Ғазиз ТАКЕШЕВ тағайындалды.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ғазиз Такешев 1970 жылы Қарағанды облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген.

2002 жылы Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

1989 жылдан 1991 жылға дейін Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп, 1994 жылы Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданды. Осы уақыттан 1997 жылға дейін Қарағанды облысы ІІБ жанындағы ҚАЖД КД-173/2 мекемесінің жасақ бастығы болды.

Одан кейін 1997 жылдан 1999 жыл аралығында ҚАЖКБ АК-159/22 мекемесі колония бастығының кезекші көмекшісі қызметін атқарған.

 2001 жылы Қарағанды облысы бойынша ҚАЖК қарамағына жіберілген.

2002-2006 жылдары Қарағанды облысы бойынша ҚАЖКБ АК159/22 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

 2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚАЖКБ АК-159/22 мекемесі колония бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/25 мекемесінің бастығы қызметін атқарды. Жаңа тағайындауға дейін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары болған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button