Жаңалықтар

«Біздерде мынадай бар, мынадай бар…»

Қарағанды аймағы Қазақстанның теңдессіз минералды шикізатты аймағы.

Облыс аумағында республика бойынша марганец қорының 100%-ы, мыстың 36 %-ы, вольфрамның 80%-ы, молибденнің 64 %-ы, қорғасынның 54 %-ы, 40%-дан жоғары тас көмір (соның ішінде кокстенген тас көмірдің 100 % қоры) шоғырланған. Сондай-ақ, облыстың жер қойнауы сирек кездесетін висмут, күміс, сүрме, титан, никель, кобальт, корунд, күшән, олунит және т.б. металлдарға бай. Облыста темір және полиметалл рудаларының қорлары бар, қымбат тастар және жасанды тастарды металлургиялық өндіру үшін мұнай, газ, асбест, оптикалық кварц, мәрмәр, гранит, цемент шикізаты, отқа берік саз және флюс қорлары орналасқан.

Қарағанды облысында көмірсутекті шикізаттың маңызды қорлары бар. Қарағандының тас көмір бассейні ТМД елдерінің бассейндерінің арасындағы ең газды қабатты болып келеді. Бассейннің тас көмір қыртысында метан, көмір қышқыл газ, күкіртті сутек, ауыр көмір сутектер кездеседі. Метан қорының келешегі зор болып табылады.

Облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде 180 млн. тонна мұнай, 13 млрд. м3 – газ, 35 мың. тонна – конденсаттың зерттелген қорларымен Құмкөл, Оңтүстік Құмкөл және Майбұлақ деген мұнай мен газдың 3 жері анықталған. Оның ішінде Құмкөл жері зерттелу үстінде, Майбұлақ және Оңтүстік Құмкөл жерлері зерттелуге дайындалуда. Облыстың бұл бөлігінде болашағы зор көмір сутекті шикізат жерлері мен құрылымдары белгілі. Облыстың батыс бөлігінде ТМД елдеріндегі жалғыз родусит асбест зерттелген – Құмола және Үшбұлақ жерлері бар. Орталық және оңтүстік бөліктерінде волластонит зерттелген – Босаға, Алайғыр деген ең ірі жерлер орналасқан.

Әзірлеген: Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button