Жаңалықтар

Білім көкжиегін кеңейту мүмкіндігі

Мәдениеттің таралуының жолдарының бірі – мәдени диффузия деп қарастырсақ, ал оның арналарының бірі – ғылым. Ал, ғылым тілі кітапта. Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз білім және ғылым тілін іздеп дүние кезген болса, қазіргі ақпараттық қоғам жастарға зор мүмкіндіктер туындатты.

Білім саласындағы жаһандық бәсекеге не¬ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау – болашаққа жасалатын ең басты бағдар. Сондықтан, әлемнің үздік 100 оқулығын ана тілімізде сөйлету сөзсіз дұрыс дүние. Ол үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалатыны қуантарлық. Аз уақыттан соң қажетті жоба өз жемісін бере бастады. Университет оқытушылары мен студенттері алдында әлемдегі гуманитарлық білім саласындағы ең үздік аударылған 100 оқулықпен өз ана тілімізде танысу мүмкіндігі туындайды.
Жастардың білім алуына, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің озық тәжірибелерін оқу үрдісіне енгізу бағытында атқарылуға тиіс жұмыстар Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында тізбектеліп айтылған. Сондықтан, Мемлекет басшысы «Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуды тапсырды. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң¬даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасау – алдағы бірнеше жылдың үдесіндегі мақсат-міндет болып табылады. Бағдарламаның ұтымды тұстарын білім алушы студенттер де құптап отыр.
Бұл мәселені Мемлекет басшысы 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын: «Мен қазіргі тілде жазылған кемінде жүздеген қазіргі кітаптардың тізімін жасап, қазақ тіліне қазіргіше аударуды ұсынамын. Бәлкім, жастар арасында конкурс жариялау керек шығар: өздеріне не нәрсе қызықты әрі пайдалы екенін олар да айтсын», – деген болатын. Келесі жылында еліміздің барлық облыстары мен екі қаласында жастар арасында сауалнама жүргізіліп, аударуға лайықты әдебиеттің тізімі жасалды. Жылдың соңына қарай жаңалықтарда қазақ тіліне аудару үшін өзекті жүз кітапты анықтау байқауының сарапшылар кеңесі алпыс тоғыз кітапты таңдағаны туралы ақпарат шықты. Тіпті, “100kitap.kz” сайты тіркеліп, онда қазақ тіліне аударуға ұсынылған қазіргі заманғы әдебиеттің өзекті шығармаларын анықтау бойынша онлайн дауыс беру ұйымдастырылған болатын. Дегенмен, жоба басталған күйі соңына жеткізілмей қалған болатын. Осы жолғы бастаманың ғұмыры ұзақ болады деген сенімдеміз.
Ең алдымен жастарға арналған жоба оларға тың серпін беретін басым бағыттардың біріне айналмақ. Бұл жоба әлемдегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тіліне аударып, оқу үрдісіне енгізеді. Сөйтіп, ең бастысы жастардың гуманитарлық салаға деген қызығушылығын арттыра түсері хақ.
Елбасының саясаты мен ұлт жолындағы ұстанымдары болашаққа бағдар көрсетумен қатар алдағы рухани дамуымыздың өзегіне айналарына сенім зор.
Рухани жаңғыру – қазіргі жаһандану дәуірінде ұлттық сананы жаңғырту, рухани құндылығымыздан ажырап қалмай, болашаққа үлкен сеніммен баратын басты қағидатты айқындай білу.
Біз қатарына қосылуды арман етіп отырған, алдыңғы қатарлы елдердің даму тарихына қарайтын болсаңыз, тынымсыз еңбекпен бірге жаңалыққа құштарлық, ғылым мен білімге арқа сүйеуі. Басқа оңай жол жоқ. Дамудың алғышарты – еңбек пен ізденіс. Осы ізденіске түрткі болатын ойлар жинақталған кітаптар өзіміздің ана тілімізде берілсе, оның пайдасы әрине зор.
Жаңа оқулықтар Қазақстанның болашағын өркендететін жастар үшін таптырмас көмекшіге айналарына күмән жоқ. Оқулықтарды таңдағанда және аударғанда сандық емес, сапалық көрсеткіштерге басты назар аударсақ дұрыс болар еді. Оқулықтарды таңдағанда редакциялық алқа дұрыс жұмыс істейді деген сенімдеміз.
Жалпы кітап, оның ішіндегі адамға шабыт тудыратын ойлар, адамды байытатын рухани құндылықтар ізденістің негізі. Әлемдік руахни қазына жинақталған, тәжірибелік пайда әкелетін оқулықтарды іріктеу жұмысы өте маңызды. Және де сол аударылған оқулықтардың жастарға қол жетімділігі одан асқан маңызды мәселе.
Рухани жаңғыру идеясының негізінде құндылықтарымызға мән беру жатыр. Көптеген нәрсе осы құндылықтармызда жатыр. Дамудың негізі – тәжірибе. Тәжірибе жинақтау арқылы қателіктерге абай боламыз. Жақсы оқулық болатын болса ол да тәжірибенің арқасында жазылады.
Қоғамдық жаңғырудың негізінде рухани жаңғыру тұрады. Рухани жаңғырсақ, дүние көкжиегіміз кеңейеді, құндылықтарымыз нығайады. Рухани үндестікке білім арқылы ғана қол жеткізе аламыз. Білім мен ғылым оқулық арқылы келеді. Осы оқулық арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман дайындай алмақпыз.

Елдос ЖҰМАҒҰЛОВ,
Е.Бөкетов атыңдағы
Қарағанды мемлекеттік
университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының
аға оқытушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button