Жаңалықтар

Білім берудің заманауи тәсілі

Көптілділік – бүгінгі оқытудың заманауи тәсілі мен талабы. Қазіргі қоғам жас маманнан теориялық және практикалық тұрғыдан маңызды мәселелерді шеше білуді, кәсіби біліктілігін арттыруға деген белсенділікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуды талап етуде.

 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғы шарттар- дың санатында»,– деп атап көрсетті.

Жаңа кезеңдегі білім берудің мақсаттары тек қана білім беру емес, сонымен қатар, жас мамандардың болашақ қоғамдағы өмірлерінде көмек болатын негізгі құзыреттерді қалыптастыру болып табылады. Сондықтан, біз болашақ мамандарды көптілділікке, яғни, ана тілін, халықаралық қарым-қатынас тілін және шет тілдерді сапалы меңгеруге баулудамыз. Студенттердің шығармашылық, кәсіби қабілеттерін жан-жақты дамыту мақсатында көптілді жүйеде білім беру үрдісі белең алуда. Нәтижесінде, студенттердің шет тілдерді меңгеруге деген қызығушылықтары мен мотивтері артады. Басты мақсат – озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып, мамандыққа қатысты кәсіби термин сөздерді білуге үйрету, кәсіби қарым- қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру, сабақтың танымдық, тәрбиелік мазмұн арттыру.

Студент өз саласы бойынша кәсіби бағдарлы білім алады. Мамандығына сай сөйлеуге, тілдесуге бір-бірімен ойын ашық жеткізуге үйренеді. Қоғамда болып жатқан барлық жаңалықтардан хабардар болып, өзара пікірлесе алатын дәрежеге жетеді. Білім алушылардың өз мамандығына сай тілді меңгеруінің нәтижелі болуы танымдық белсенділігіне байланысты. Ол үшін әр студентке кәсіби бағытта орындалатын материалдарды көптеп дайындап, оларды оқылу, жазу, тыңдау, тілдесу арқылы студенттің кәсіби қатынастық құзыреттілігін қалыптасуына ықпал етеді. Өз мамандығына қатысты берілген тапсырмалар мен мәтіндер арқылы көптеген ақпараттар да алады. Олар тек ақпарат алып қоймайды, жазып үйренеді, жаңа сөздерді меңгереді, бір-бірімен тілдесе алады. Кәсіби бағыттағы тілдік қарым-қатынас орнайды. Ол студенттердің өз мамандығына қатысты терминдік ұғымдарды немесе тұрмысқа қажетті деп санап, лайықты тілді үйренуіне деген қызығушылығын арттырады. Осылайша, студент кәсіби білім алуда шет тілдерін дұрыс әрі дер кезінде пайдаланса, нәтижесінде ол сол мамандықты игеруге жоғары жетістікке жетеді дегенге сенім мол.

Өз кезегімде көптілділікте оқыту болашақ мамандарға келесі мүмкіндіктерге қол жеткізуге септігін тигізеді деп ойлаймын, ол мамандандырылған шетел мамандарымен жұмыс жасауға, іскерлік келісімге келуге, тәжірибе алмасуға, қосымша білімді, ақпа- раттық материалдарды алуға, ізденуіне, пікірлесуге және өз деңгейінен жоғары сатыға көтерілуіне, қоғам талабына сай кәсіби маман болуына үлесі зор.

 А.АЙТЖАНОВА,

Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button