Бас имам менингококк вирусына байланысты мәлімдеме жасады

Алматы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқаев Рмазан айында ораза ұстап жүргендерге қатысты менингококк вирусына байланысты мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бас имам адамның түрлі жағдайлары мен күйін ескере отырып қажеттілік туындаған кездерде оразасын үзіп, кейінірек қайта өтеуіне Құранда рұқсат берілгенін айта кетті. 

«Рамазан – әрбір мүміннің асыға күтетін береке мен мейірімге толы ай. Бұл айдың әрбір сәттерінде күллі әлемге Алла Тағаланың рақымы үздіксіз төгіліп тұратыны ақиқат. Сол берекелі сәттерден құралақан қалмауымыз үшін шамамыз келгенше Алланың парызын орындап, ораза ұстайтынымыз белгілі. Алайда, Алла Тағала адам баласына тек қана жеңілдік қалайтынын, ауырлық қаламайтынын естен шығармауымыз қажет. Сол үшін Алла Тағала адамның түрлі жағдайлары мен күйін ескере отырып қажеттілік туындаған кездерде оразасын үзіп, кейінірек қайта өтеуіне Құранда рұқсат берді. Себебі, біздің дініміз ешбір уақытта, ешкімге ауырлықты жүктемейді. Керісінше қоғамның өсіп-өркендеуіне қолайлы жағдай жасап, адамзаттың өмірін жеңілдететін дін», — делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда қаламыздағы менингококк вирусының тіркелу оқиғалары жиілеуін және бірнеше адамның осы аурудан қаза болғанын ескере отырып, егер бойымызда менигиттің белгілері байқалған болса, уақыт оздырмай дереу дәрігерлерге қаралып, қажет болса оразаны ашуға шариғат рұқсат етеді.

«Рамазан айында нақты ауырған кісінің ораза ұстауы аурудың асқынуына, емнің кешігуіне кедергі болған жағдайда оған оразасын ашуға болады. Оразаның ауру кісіге зиянды екені не өзінің бұрынғы тәжірибесінен, не білікті дәрігердің нұсқауымен анықталуы қажет. Ұстамаған күндерінің қазасын соңынан басқа айларда сауыққанда өтейді. Қатты науқас кісінің: «Ауырсам да ұстай беремін», — деп шешім жасауы дұрыс емес. Себебі, денсаулық Алла Тағаланың адам баласына берген аманаты, оған қиянат жасауға болмайды. Біз қала тұрғындарын өз денсаулықтарын сақтауға, аманатқа қиянат етпеуге шақырамыз», — делінген Бас имамның үндеуінде. 

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.