Жаңалықтар

Баба тойына – қомақты тарту

Биыл алты Алаштың абызы, кемеңгер ойшыл, «көмекей әулие» атанған мемлекет әрі қоғам қайраткері Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойын түркітілдес халықтың түгелі тойлайды.

Бұқар жырау 350 жыл логтотип
Қазақ халқында атымтай жомарт азаматтар әр уақытта да болған. Бүгінгі таңда солардың бірден-бір жарқын айғағы – Ғабдулсағат Әлімұлы. Осындай елі үшін туған азаматтардың бар болғаны қуанышымызды еселей түседі.
Еңбек ардагері, белгілі кәсіпкер Ғабдулсағат Әлімұлы Бабамыздың тойы қарсаңында демеушілік көмек көрсетіп, бәйге, көкпар, күрес сияқты ұлттық спорт түрлерін қолдап, жүлде қорына Астана қаласының орталығынан құны 12 миллион теңгені құрайтын пәтерді тарту етті.
Жомарт жүрек иесіне Бұқар жырау ауданының жұртшылығы және Қор атынан шынайы алғысымызды білдіреміз.

Т.АРБАБАЕВ,
«Бұқар жырау Қалқаманұлы»
атындағы Қоғамдық қор және
аудандық Ардагерлер
кеңесінің төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button