Жаңалықтар

Бағдарлама – болашаққа баспалдақ

          Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің он студенті Чехиядан оралды. ҚМИУ-дің  үш факультетінің өкілдері күзгі семестр аралығында  “Академиялық ұтқырлық” бағдарламасы бойынша Острава қаласының Техникалық университетінде оқыды.

Бағдарламаға қатысушылар «Металлургия», «Құрылыс», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» және «Автоматтандыру және басқару» техникалық мамандықтарының студенттері. Чехияға үміткерлер шет тілін меңгеру деңгейін көрсететін және білімін сарапқа салған  іріктеудің екі кезеңінен өтті.

Студенттердің академиялық ұтқырлығы Болон декларациясының негізгі қағидаларының бірі және ҚМИУ қызметінің стратегиялық бағыттарының негізі. Бұл бағдарлама жоғары білім сапасын жақсартуға, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға, сыртқы және ішкі интеграциялық байланыстарды орнатуға, әлемдік білім беру ресурстарын пайдалануға бағытталған.

– Біздің студенттер басқа елде оқу барысында тіл үйрету дағдыларын дамытады және кеңейтеді, сондай-ақ, жаңа әдістерді меңгереді. Бірлескен білім беру бағдарламаларының түлектері халықаралық еңбек нарығында қосымша басымдықтарға ие. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасына қатысу тәжірибесі өрісінің көкжиегін кеңейтеді, жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашады. Төрт жылдық кезең ішінде біздің студенттердің сыртқы академиялық ұтқырлығы жылына төрт адамнан он екі адамға дейін көбейді, – дейді ҚМИУ ректоры Бақыт Жәутіков.

Соңғы бірнеше жыл ішінде ҚМИУ студенттері мен магистранттары тек қана Чехияда ғана емес, сонымен қатар, Польшаның, Ресейдің, Өзбекстанның және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқыды, тәжірибеден өтті. Өз кезегінде, ҚМИУ ҚарМТУ, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің және басқа да көптеген студенттер мен магистранттарға білім береді. Сонымен қатар, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның стратегиялық серіктестігі туралы меморандум аясында жыл сайын ҚМИУ-да LNMIIT (Jaipur, India) ақпараттық технологиялар институтының 25-30 студенті оқиды.

«Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы ҚМИУ-да бірнеше жылдан бері жұмыс жасайды және Болон процесінің принциптеріне сәйкес келеді. Осы мақсаттарға арналған қаражат Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан бөлінеді. Содан кейін біз өзіміз  ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойған серіктестермен  келіссөз жүргіземіз. Конкурстық іріктеуден өткен біздің студенттеріміз бір академиялық кезеңге еуропалық оқу орындарына тегін жіберіледі, – дейді университет басшылығы.

Артем ПЛОТНИКОВ, «Автоматтандыру және басқару» тобының ІІ курс студенті:

– Біз Острава қаласында оқыдық – бұл астанадан 370 шақырым жерде. Білімдегі барлық айырмашылықтарды және оның құндылығын сезіндік.Онда ыңғайлы уақытта өз бетіңше оқуға көп мүмкіндік жасалады, материалдар қол жетімді. Барлық оқу материалдарын, сондай-ақ, сабақ кестесі мен тестілерде алынған ұпайларды университет сайтынан өзіңнің жеке кабинетің арқылы еш қиындықсыз көруге болады. Ұстаздар  өте талапшыл, ешқандай жеңілдік жоқ. Менің ойымша, әділ. Қыркүйек айының ортасынан бастап, төрт ай ішінде мен электринженер факультетінде оқыдым. Егер осы салада жетістікке жетсем,  онда ол  осы оқудың септігі тигені деп есептеймін.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button