Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды

9 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат»

Елдегі 17 өңірдің 12-сінде дауыс беру аяқталды. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары.

Қалған 5 өңірдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00-де) аяқталады. Олар: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары.