Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері студенттермен кездесті

Қарағанды облысынан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясына барған делегаттар студенттермен кездесіп, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде дөңгелек үстел өткізді. Кездесуде этномәдени бірлестіктердің жетекшілері жастармен бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуда жас ұсрпақтың атқарар рөлі мен қоғамды жаңғырту мәселелерін талқылады.


— Қазіргі өмір жастар алдында азаматтық ұстанымды, азаматтық бастаманы бекіту және іске асыру міндетін өзектендіреді. Бүгінде бұл еріктілік, волонтерлік, краудфандинг және т. б. секілді түрлі әлеуметтік жобаларда көрініс табуда, — деді Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ҚХА кафедрасының меңгерушісі Мәдина Әбдәкімова. 
Облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Лилия Ким өз баяндамасын бейбітшілік пен келісім формуласына арнады. Ол Елбасының бастамасымен құрылған азаматтық қоғамның бірегей институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің басты бағыттары туралы айтып берді.
— Қазақстанда этносаралық эәне конфессия аралық теңдіктің құқықтық негізі құрылған. Бұл құжатта 
Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық теңдіктің құқықтық базасы құрылды. Ол діни сенім бостандығы, тілдер, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы заңдардың тұтас жүйесін қамтиды. Барлық азаматтардың теңдігі ҚР Конституциясы – еліміздің негізгі заңында белгіленген, — деп атап өтті этномәдени бірлестік жетекшісі.
Ол тіл саясатының ешқандай шекарасы болмай және әр түрлі халықтардың мәдениеті бірін бірі өзара толықтырып, байыта білетін «алуан түрліліктің бірлігі» принципінің мағынасын түсінідіріп берді. генде болмаса, өзара толықтырып, бір-бірін байытады. Әрбір этнос ана тілін үйреніп, салт-дәстүрлерін сақтау мүмкіндігіне ие. Сонымен бірге ниет білдірушілердің барлығына қазақ тілін оқу орталықтары қолжетімді болып табылады, «Ахуалдық қазақ тілі — «Мәміле» жобасы жүзеге асырылуда.
— 88 мектепте оқыту өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізіледі. Ал 108 мектепте 22 қазақстандық этностың тілдері жеке пән ретінде оқытылады. Елде 15 тілде 35 баспа өнімдері шығарылады. Телеарналар эфиріне 11 тілде хабарлар шығады. Елде 14 орыс, өзбек, сондай-ақ ТМД-дағы жалғыз ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Мұндай еш жерде жоқ, — деп атап өтті Лилия Ким.

«Казачья вольница» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Семён Раков жастарды толеранттылық қағидаларын сақтауға, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге шақырды.