Ауыл мектептерінде санитарлық режим күшейтіледі

Интернеті жоқ шалғай ауылдардағы мектептер жұмысын әдеттегідей жалғастыра береді. Бірақ, санитарлық талаптың сақталуы қатаң бақыланады. 

Оқушылар бұрынғыдай сыныптан-сыныпқа көшпей, барлық пәндерді бір жерде отырып оқитын болды. Сондай-ақ, залалсыздандыру құралдарын пайдалану арқылы тазалық жұмыстары да жиі жүргізіледі.
Оқушылардың да сабақта маска киіп отырулары талап етіледі. Бұл жерігілкті әкімдікке жүктеледі. Яғни, елдімекендегі мектеп оқушыларын маскадан қат қылмай, қамтамасыз етіп отыру – әкімдіктің тікелей міндеті.