Басты тақырыпОблыс әкімі

АТА ЗАҢЫМ – АРДАҒЫМ

Облыс орталығындағы мәдениет және демалыс паркінің жағалауында ел Конституциясы күні кеңінен тойланды. Мерекелік шара шымылдығын балалар ұжымының хореографиялық қойылымы ашты. Әсем әуен ырғағында билеген балалар көкке әуе шарын ұшырып, шараның шырайын келтірді.

– 1995 жылы ең жоғарғы заң­намалық деңгейде қабылданған Конституция адам құқықтары мен бостандығына басымдық берді. Еліміздің әрі қарайғы дамуы демократияның даңғыл жолымен жалғасатындығын айқындады. Конституция – біздің негізгі заңымыз, елімізде жүргізіліп келе жатқан барлық маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудың берік іргетасы, – деді өңір басшысы.

Конституция – қазақстан­дықтардың барлық жеңістері мен жетістіктерінің қайнар көзі екенін атап өткен аймақ басшысы биыл еліміз үшін ғана емес, өңіріміз үшін де мерейтойлы жыл екеніне тоқталды.

– Біз биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен қатар, көмірлі өңір – Қарағанды облысының 80 жылд

ығын тойлаймыз. Бұл аралықта жасалған дүние аз емес. Дегенмен, орындалуы тиіс іс әлі деп көп. Сол жолда барл

ықтарыңызға денсаулық пен табыс тілеймін,– деді Н.Әбдібеков.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров және қалалық мәслихаттың хатшысы Құдайберген Бексұлтанов Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбековаға «Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.

«Әнім саған, Қарағанды» байқауы мерекенің көрігін қыздыра түсті.

Бұдан кейін «Конституция – кемел келешек кепілі» салтанатты шарасы шеңберінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді азаматтық көзқарасы үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Оның ішінде, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің редакциясы да бар.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button