Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады

14-15 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды. Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.