Бас тақырыпПрезидент

Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін атқаруға кіріспек

Асқар Мамин премьер-министрдің міндетін атқарады, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1.Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4.   Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.

Асқар Мамин бұған дейін Қазақстан Республикасының премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Дереккөз: akorda.kz

Басқа материалдар

Back to top button