Жаңалықтар

Қарындаштар айқасы

Төртінші сынып оқушысы Жандостың жазғы демалысы бітіп, сабақ басталды. Оқу құралдарын алды. Жандос пен анасы базарға кетеді. Сол кезде қарындаштар тіріледі.
Ескі қарындаш:
– Қарындаш бауырым, сен жаңадан келіпсің, дос болайық? – дейді.
Жаңа қарындаш:
– Жоқ, мен сен сияқты кішкентай қарындаштармен дос болмаймын.
Ескі қарындаш:
– Ия, сен менімен бірге дос болғың келмейді, өйткені мен кішкентаймын. Бірақ, сенде бір күні кішірейесің.
Сонда жаңа қарындаш:
– Мен кішірейгенше сен жоқ болатын шығарсың деген кезде, үйге анасы мен Жандос келеді. Жаңа қарындаш жерге құлайды. Жандос оны көрмей, байқамай басып кетеді. Сол кезде жаңа қарындаш сынып қалады да қоқысқа кетеді. «Өзінің кетпендей мінін көрмеген, біреудің инедей мінін көреді» деген осы.

Ақерке МАРАТ,
С.Сейфуллин
атындағы №7 мектеп-гимназиясының
5 «А» сынып оқушысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button