Жаңалықтар

Қараша… Қаралы хабар…

Қарашаның таң бозында Қарағандыдан Қарқаралыға қаралы хабар жетті. Аяулы аға, сыйлас бауыр Мағаш досымыз дүниеден өтіпті. Қаралы хабарды естіп, сұлқ түскенімді білемін…

Мағашты ҚазГУ-ді бітіріп, осы «Орталыққа» жұмысқа келгенінен біліп, етене араласып едім. Бүкіл өмірі осы қарашаңырақ «Орталық Қазақстанда» өтті. Мағаш досымыз редакторлардың редакторы болды. Қаншама шәкірт тәрбиеледі. Өмір дегенің осы, қамшының қысқа сабындай өте шықты.

Әттең, дүние-жалған!..

Енді ғана зейнетке шығып, алаңсыз демаламын дегенде сұм ажал алып кетті. Қарқаралыға келгенде бізбен көрші тұратын Тұрсын апамыздын үйіне түсіп, келе сала мені іздеуші еді…

Артта қалған қайран күндер!..

Топырағың торқа болсын, аяулы аға, қадірлі дос Мағаш!.. Үлкендері Тұрсын бастаған апаларына, зайыбы Мейрашқа, балалары мен туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.

Рымбек СМАҒҰЛОВ,

Қарқаралы аудандық «Қарқаралы» газетінің бас редакторы.

Басқа материалдар

Back to top button