Жаңалықтар

Қарағандылық зейнеткер бос аумақты баққа айналдырмақ

Туған жерді аялау – әр адамның парызы. Осы орайда, құқық қорғау органдарында 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен зейнеткер Петр Володиннің ісі көпке үлгі боларлық. Отставкадағы подполковник бұрынғы күл-қоқыс төгетін полигон аумағына жасыл желек отырғызып, жайқалған баққа айналдырмақшы.

ФОТО: «Хабар 24».

Зейнеткердің үйінің дәл іргесіндегі бұрынғы қоқыс полигонының орнын тегістеп, қарағай, қайық және алма ағаштарын отырғызыпты. Бұрын бұл маңда күл-қоқыс бей-берекет шашылып, айналаның сұрқын кетіріп тұрған екен. Ал, қазір бейнесі өзгерген. Зейнеткер осы уақытқа дейін 50-60 түп ағаш отырғызып үлгеріпті. Алдағы уақытта да бұл ісін тоқтатпай, үлкен баққа айналдыруды көздеп отыр.

Басқа материалдар

Back to top button