Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағандыда отбасылық орталық ашылды

Қарағандыда 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек қалалық №3 емхана негізінде ашылған орталықтың жұмысымен танысып, келушілердің талап-тілектеріне құлақ түрді.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, аймақта жұмыс істеп тұрған емханалар базасы арқылы Отбасылық денсаулық сақтау орталықтарын ашу міндеттелгені белгілі. Осы орайда, халыққа жайлы қызмет көрсету үшін медициналық көмектің 15 минуттық қолжетімділігін іске асыру көзделген. Бағдарлама аясындағы талап бойынша медициналық орталық халықтың тұратын жеріне барынша жақын болуы тиіс. Осы мақсатта ашылған Отбасылық денсаулық орталығына бүгінде 25 000 адам тіркеліпті. Барлық кабинеттер саны – 115 болса, оның ішінде қабылдау кабинеттерінің саны – 81. Емделушілерді қабылдауды қалалық №3 емхананың дәрігерлері жүргізеді.

Сондай-ақ, отбасылық денсаулық орталығында педиатрия бөлімшесі бар Ана мен бала орталығы жұмыс істеп тұр. Аталған бөлімшенің дәрігерлері балаларға жақын болу мақсатында үйреншікті ақ халаттарын емес, керісінше түрлі-түсті киім киеді. Балаларға арналған бөлімшенің қабырғалары қызықты тақырыптарға сай безендірілген. Күндізгі стационарда заманауи және жабдықталған төсек креслосы бар. Заманауи құралдар емделушілерге қажетті емді алуға ыңғайлы болады деп күтілуде.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button