Жаңалықтар

Қарағандыда ірі нүктелер көмір сатуға дайын

Қарағанды облысында тұрғындарға арналған қатты отынды стау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ол жайлы аппараттық жиналыс барысында облыс әкімінің орынбсарасы Алмас Айдаров мәлімдеді.

Фото: karaganda-region.gov.kz

– Ағымдағы жылы тұрмыстық қажеттіліктерге арналған көмір көбірек өндіріледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда кәсіпорындарда көмір өндіру жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Энергетика және тұрмыстық-коммуналдық басқармамен бірлесе отырып, жалпы сыйымдылығы 190,5 мың тоннаны құрайтын 34 негізгі тұйықтар мен қоймалар жүктелімінің мониторингі өткізілуде. Бұл көлем жылыту маусымында халықты көмірмен қамтуға жеткілікті, – деді Алмас Айдаров.

Көмір сататын ірі нүктелер – «ЖалындыОтан» ЖШС, «Армандар Орындалады» ЖШС – көмір сатуға дайын. Орташа есептегенде, Қарағандыдағы қоймалар әр түрлі өндірісшілерден 90%-ға дейін толтырылған. Сату нүктелері жүктеу техникасымен қамтамасыз етілген.

Қала және аудан әкімдеріне көмір сату нүктелерін 50%-дан кем болмайтындай етіп толтыру тапсырылды.

– Жұмыс істеп тұрған 34 нүктенің тек 11-і ғана 50%-дан астам толтырылған. Ол Қарағандыдағы 3 тұйық, Саранда – 2, бір-бірден Шахтинск, Жезқазған, Шет және НҰра аудандарында. Сәтпаев, Қаражал, Бұқар Жырау және Жаңаарқа аудандарында орналасқан бекеттерде көмір сатып алу 1-ші қырқүйектен басталады. Шет, Абай, Қарқаралы аудандары мен Приозерск, Теміртау, Балқаш қалаларында әзірге тұйықтарды көмірмен толтыру 50%-дан аз болып тұр. Осы аудандар мен қалалардың әкімдеріне 15-ші тамызға дейін тұйықтарды көмірмен толтыруды сұраймыз, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Ерлан Қошанов көмір сату нүктелерінде маусымдық дүрбелеңнің алдын алу үшін бұл мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырды. 

Ақпарат көзі:  karaganda-region.gov.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button