Жаңалықтар

Қарағандыда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандардың жолы кесілді

Қарағанды облысында тұрғындарды қаржы пирамидасына тартқандардың жолы кесілді. Олар компанияның сертификатын сату арқылы оңай жолмен олжалы болуды көздеген екен. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық схема келесі әрекет арқылы жасалған. Жеке тұлғалар компанияның қағаз сертификатын 15 мыңнан бастап 3,5 млн теңге аралығында сатып алады. Осыдан соң оларға  4-8,5% мөлшеріндегі «кэшбек» түріндегі сыйақы төленген. 

Қазір анықталған факті бойынша ҚР ҚК 217-бабының 2-тармағына сәйкес (“Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету”) сотқа дейінге тергеу ісі қозғалып, жедел-тергеу жүргізіліп жатыр. 

Басқа материалдар

Back to top button