Қарағанды

Қарағанды шақырады

«ЭКСПО-ға» жолы түскен шетелдіктер біздің облысқа да атбасын бұрар. Себебі, туристер Қарағандыға шақырту алды.

Халықаралық көрмені ұйымдастырушылар бұл хабарламаны әлеуметтік желі арқылы бөлісуді жөн көрген. Онда: «Қазақстанға қош келдіңіздер! Әлемге әйгілі боксер әрі «ЭКСПО-2017» көрмесінің елшісі – Геннадий Головкиннің туып-өскен жері, Қазақстанның әсем қалаларының бірін көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Қарағанды таза және кең, жасыл көшелерімен, көптеген ескерткіштерімен, облыстық мешіт және бірде-бір шегесіз ағаштан салынған ғибадатхана секілді архитектуралық жауһарларымен танымал. Сондай-ақ, қалада бүкіл ТМД бойынша жалғыз Экологиялық Мұражайға баруға болады. Табиғатты сүйетін жандар үшін қонақжай Қарағанды халық арасында «Дала шатыры» атауына ие болған Ақсорқаң биігінен тамаша көрініс пен сирек кездесетін аширит-диоптаз тасының кен орны Алтынтөбе табиғатын ұсынады. Ал, егер Сізді денсаулыққа пайдалы демалыс қызықтырса, Қарқаралы қорығына барып, денені сауықтыратын минералды су ем-шараларын қабылдап, оған қоса дала мен орманның таза ауасы адам ағзасына оң әсерін тигізеді!» делінген.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button