Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысының әкімі өз таңдауын жасады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан ҚОШАНОВ отбасымен бірге №83 мектепте орналасқан №53 сайлау учаскесінде дауыс берді. Азаматтық таңдауын жасаған облыс басшысы БАҚ өкілдерімен тілдесу барысында бүгінгі күннің ел болашағы, ұрпақ келешегі үшін маңызды екенін  жеткізді.

  • Біріншіден, еліміздегі тұрақтылық пен әрі қарай өркендеуі жолында, екіншіден, балаларымыздың жарқын болашағы үшін таңдау жасадым. Әрбір қазақстандық, оның ішінде, облыс тұрғындары Президент сайлауынан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасайды деген сенімдемін. Солай боларына, бүгін сайлау учаскелеріне дауыс беруге келген тұрғындардың легі де куә, – деген Ерлан Жақанұлы Геннадий Головкиннің жеңісіне де тоқталып, даңқты жерлесіміздің халықтың көтеріңкі көңіл-күйін одан әрі асқақтатқанына ризашылығын білдірді.

Ерлан Қошанов сондай-ақ, отбасы мүшелерімен бірге дауыс беру үшін Нұр-Сұлтан қаласында тұратын кенже қызының да Қарағандыға арнайы келгенін айтты.

Басқа материалдар

Back to top button