Жаңалықтар

Қарағанды облысында дойбыдан онлайн-турнир өтті

Қарағанды облысында дойбыдан онлайн-турнир өтті. Біліктілік біріншілігі Iggamecenter.com ойын платформасында төрт күнге созылды.

«64» дойбы бойынша онлайн-турнирді облыстық федерация және Абай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды. Жарыстың бас төрешісі – спорт қайраткері, Қазақстан Республикасының дойбы федерациясының президенті Алла Чуприк болды.

Турнир жеңімпазы атағына спорт шебері, чемпионаттың күміс жүлдегері Мария Костицына ие болды. Екінші және үшінші орындарды Ерсұлтан Жарылғасынов пен Әділ Батырбеков бөлісті. Екі спортшы – Әділ Батырбеков пен Софья Рингач спорт шеберіне үміткерлер дәрежесін растады, ал Қайрат Даян бірінші разряд нормативін орындады.

 

Басқа материалдар

Back to top button