Қарағанды облысында 5 адам коронавирустан жазылды

Бүгін Қарағанды облысында бес адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«Сырқаттан жазылғандардың төртеуі Қарағанды қаласының тұрғындары. Олардың ішінде, 1992 жылы туған әйел мен 2013 жылы туған ұл бала COVID-19 инфекциясының жеңіл түрімен ауырған. Ал, 1969 жылғы ер адам мен 1991 жылғы әйел адам орташа ауыр дәрежеде болған. Сонымен қатар, Шахтинск қаласының 1948 жылғы тұрғыны сырқаттан сауықты. Облыста індетті жеңгендердің жалпы саны  73 адамға жетті», — делінген хабарламада.