Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ АҚ ФИЛИАЛДАРЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША АУДИТОРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңын жүзеге асыруға байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу, көктемгі егіс, күзгі орақ науқандарын жүргізу, техника және қондырғылар сатып алу мақсатындағы 01.01.2015 – 31.03.2017 жылдар аралығындағы несиелендіру бағдарламалары бойынша Қарағанды облысындағы бес кәсіпорында аудиторлық тексерістер жүргізді.

Өткізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде, несиелендіру, инвестсубсидияларды артық төлеу бойынша жалпы көлемі 1 316 187,3 мың теңге көлеміндегі қателіктер анықталды. Оның ішінде, бюджетке қайтаруға жатқызылған қаражат көлемі – 9533,1 мың теңге болса, қайта қалпына келтірілуі тиіс сома көлемі – 546863,0 мың теңге.

Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы көрсеткендей, инвестициялық салымдар жағдайында агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің келтірген шығындарының бөлшегін қайтару бойынша Субсидиялау ережелерін, Микроқаржы ұйымдарын және несие серіктестіктерін конкурстық негізде несиелендіру ережесін зерттеу және сақтауға арналған белгілі бір іс-шаралар кешенін әзірлеп, қабылдау қажет.

Аудиторлық іс-шараларды қорытындылай отырып, департамент Қарағанды облысы акционерлік қоғамдарының филиалдары мен ұйымдарға Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің, Субсидиялау және несиелендіру ережелерінің талаптарын сақтамаған, инвестсубсидиялар арқылы бөлінген несиелер қаражатын негізсіз пайдалануға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту ұсынды.

 

Қарағанды облысы

бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті. 

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button