Апталық арқауы – алтын қазына 

«Кітап – асыл досың» атты кітап апталығының ашылуы «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» атты этникалық дастархан ретінде «Достық» үйінде өтті. Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Жастар жылы аясында ұйымдастырған бұл апталық Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне (23 сәуір) орайластырылған екен.

«Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген екен Түркі халықтарына ортақ ойшыл ақын Әлішер Науаи. Апталықтың ашылу салтанатына облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжат- тама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев, Қазақстан Жазушылар одағы Қарағанды об- лыстық филиалының төрағасы, ақын Серік Сағынтай, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, ақын Салтанат Смағұлова қадірлі қонақ ретінде келді. Сондай-ақ, «Достық» үйіндегі «Долгожители» еңбек ардагерлері клубының мүшелері, облыстық ұлттық-мәде- ни орталықтар өкілдері, «БОТА» жастардың интеллектуалдық орталығының белсенділері мен кітап- хана оқырмандары жиналды.

Ән шашумен басталған мерекелік кеште облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев кітаптың жастарға беретін таусылмас байлығы мен ресми бастау алған Жастар жылын сөз етсе, ақын, жазушы Серік Сағынтай Алаштың арманын арқалаған жастардың қоғамдағы орнын тілге тиек етті.

Этнографиялық дастарханды Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының жанынан құрылған, 23 жылдық тарихы бар «БОТА» интеллектуалды жастар орталығы мүшелерінің музыкалық, әдеби нөмерлерімен қоса, театрландырылған көрінісі әрлей түсті. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әртістері Дулат Ақанов, Айнұр Дәулетбаева, Кәмшат Насырова сынды өнерпаздар көрермендер көңілін көтеріп тастады. Шара шырайын Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттерінен құралған «Сарын» халықтық-фольклорлық ансамбль мен «Казачья вольница» мәдени орталығының мүшелері аша түсті.

***

Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Жастар жылы қарсаңында Халықара- лық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап асыл досың» атты кітап апталығы аясында КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына байланысты «Қазақ даласының бұлбұ- лы» атты музыкалық кеш өткізді.

Музыкалық кештің құрметті қонағы – актер, Қазақстанның ең- бек сіңірген әртісі, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртісі Кеңес Жұмабеков бұлбұл әнші жөнінде жылы естеліктерімен бөлісті. Оқырмандар Бибігүл Төлегенованың шығармашы- лығымен қатар, өмір жолымен тереңірек таныса түсті. Кештің сәнін Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік әншілері – ҚР Мәдениет Қайраткері Меруерт Башайқызы мен Арайлым Жүкенова келтірді. Олар Б.Төлегено- ваның репертуарынан «Мама», «Ақмаңдайлым» және Б.Төлегено- ваның орындауындағы әндерден попури орындады. Б.Төлегенованың шығармашылығына арналған бейнежазба, «Тақиялы періште» фильмінен Б.Төлегенованың сомдаған рөлінен эпизод көрсетілді.

Құлпынай ЖАСАРАЛ,

Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.