Акция аясы кемімейді

Сауапты істі дәстүрге айналдырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жалғасуда. Соның бірі жұма күні өтті. Бұл жолғы қайырымдылық жай балаларға емес, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілді.

«Үміт» мүгедектер қоғамындағы балаларға «Еуразиялық банк», «Сбербанк» сынды мекемелер қол ұшын берді. «Еуразиялық банк» директорының орынбасары Гүлжан Тілеугерейқызының айтуынша, мекеме аталмыш қайырымдылық акциясынан сырт қалған емес.

Банк директоры М.Хасеновтың бастамасымен биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетуді қолға алдық. Осы жолы 19 балаға мектепке қажетті құралдар табыс етілді. Енді, Жезқазған қаласында 27 және Балқаш қаласынан 5 балаға дәл осындай көмек көрсетеміз,– деді ол.

«Үміт» мүгедектер қоғамында мектеп жасындағы барлығы 63 бала бар. Одан бөлек, 84 ересек адам осы жерден орын тауыпты. Онда мәдени шаралар ұйымдастырылып, үйірмелер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, спорттық емдеу шаралар да жүргізіледі.

  • Бұдан бөлек, құқықтық кеңестер береміз, рухани қолдау көрсетеміз. Бұл жұмыстардың барлығы ерікті түрде, мейірімді жандардың көмегімен жасалады. Бізге қаражат бөлінбейді, демеушілік жасап, көмек қолын созатын барлық мекеме, ұйымдарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. «Ұлар» ЖШС, музыкалық комедия театры, балалардың ойын-сауық орталықтары тағы басқа мекемелерге рахмет,– дейді қоғам жетекшісі Валентина Власова.

                                                                                                                                             Жансая ОМАРБЕКОВА

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.