Жаңалықтар

Абзал іні

Қарқаралы, Қарағанды жұрты қара жамылып, аза тұтуда. Бірімізге – қимас бауыр, бірімізге – асыл іні бола білген Тілеуқабыл Байтұрсын өмірден өтті.

Тілеш көзі тірісінде-ақ Арқа журналистикасының абызына айналды. Оның агроөнеркәсіп кешеніндегі проблемаларды жіліктеп жазған мақалалары, ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп, ел ырысын еселеуде елеулі еңбек етіп жүрген шаруа адамдары туралы жазған очерктері талайлардың көкейіне ой салды. Кейіпкерлердің мерейін тасытты, абыройын аспандатты.

 Көркем мінезімен кез келген адамның жүрегінен орын алған Тілеш жанына жақсылар мен жайсаңдарды жинай білді. Оның қаламының қуатына арқа сүйеп, көмек сұраушылар қарасы қалың еді. Тілеш солардың біреуінің бетін қайтармай, хал-қадерінше жәрдем беретін. Ақкөңіл, ақжүректі азамат еді…

Биік парасатымен баршамыздан биік көрінген аяулы жан жайлы өткен шақта сөз қозғарымызды кім білген?!

Жаның жәннаттың төрінде шалқысын, абзал дос!

Қарқаралылық сыйлас азаматтар атынан Марат РАЙЫМБЕКОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button