Ақ тілектер алға жетелейді

Рио Олимпиадасында ел намысын қорғаған спортшылар балалардың қуанышын еселей түсуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Карина ГОРИЧЕВА мен жерлесіміз, Олимпиада қатысушысы, бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан ЖҮСІПОВ балдырғандарды құттықтады.

Аталған шара көмірлі шаһардағы С.Сәпиев бокс орталығында өтті. Ұйымдастырушылары – ҚР Ауыр атлетика федерациясы мен Қарағанды облыстық бокс федерациясы.

Сәні мен мәні келіскен шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты. Облыс көлеміндегі балалар үйлерінен жиналған 600-ден астам оқушы осы кештің мәртебелі қонағы болды.

Кеш барысында арнайы концерттік-шоу бағдарлама ұйымдастырылды. Балалар арасында түрлі ойындар ойнатылып, ақ дастарқан жайылды. Өнерпаздар әннен шашу шашып, би биленді.

Сондай-ақ, салтанатты кеште Рио Олимпиадасынан жан-жақты жарияланымдар әзірлеген бір топ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Карина Горичева Ауыр атлетика федерациясының Алғыс хаттарын табыс етті.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.