Жаңалықтар

Атқарылған жұмыс ауқымды

Жуырда облыстық ішкі істер департаменті Жергілікті полиция қызметінің өкілдері құқықтық тәртіпті арттыру мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар бойынша биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстардан құлағдар етті.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларында қоғамдық көлік жүргізушілерінің 1424 жолда жүру ережесін бұзғаны анықталған. Соның ішінде, заңсыз түрде жолаушылар мен жүк тасымалдағаны үшін 22 әкімшілік хаттама толтырылған. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің кесірінен 12 жол апаты орын алып, нәтижесінде 17 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда жарақат алғандар саны 30,8%-ға өскен.

Айта кетейік, ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар такси тасымалдаушы ретінде қызмет көрсетудің алдында жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының «Рұқсат және хабарлама туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуге міндетті. Мамандардың айтуынша, пайда табу мақсатында заңсыз тасымалдаушы барлығын үнемдейді. Сапар алдындағы жүргізушілердің медициналық тексерісі жоқ, жылжымалы құрамның тиісті техникалық тексерісі жоқ, көліктің «Жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау» ережелерінің талаптарына сәйкес келмеуін ескермейтін көрінеді. Аталған заңсыз түрдегі такси қызметі көп жағдайда түрлі оқиғаларға себепкер болған. Өйткені, қылмыстық және алаяқтық сипаттағы оқиғалардың көбі қоғамдық көліктерде орын алған. Сондықтан, жол полициясы жұмысындағы негізгі басымдықтардың бірі – жүргізушілердің арасында, әсіресе, жолаушылар тасымалдайтын көлік жүргізушілерінің арасында болатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Осы санаттағы жүргізушілерге қатысты азаматтардан түскен шағымдар мен оларға деген сұранысты ескере отырып, жол қауіпсіздігінің сақталуын қадағалайтын мақсатты алдын алу шараларын өткізуді қолға алған.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button