Бас тақырып

Қарағандылық құтқарушылар Түркістан облысының тұрғындарына көмектесуде

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы бойынша облыстық ТЖД құтқару тобы Түркістанға аттанған болатын. Олар Мақтарал ауданында апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Құтқарушылар екі ауысыммен, тәуілік бойы жұмыс істейді. Қазір  Фирдоуси және Жеңіс ауылдарындағы суды сору жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы 4 күн ішінде 15 үй орналасқан аумақтан 110 мың текше метрден астам су сорылды. 

Естеріңізге сала кетейік, қатты жаңбыр мен дауылдан кейін Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен болатын. Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының шекара маңындағы коллекторлары суға толып кеткен. Салдарынан бірнеше елді мекен су астында қалды. 

Басқа материалдар

Back to top button