«Дарынды баланың қабілетін дамытудың»  жол картасы әзірленеді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  Үкіметке дарынды балалардың қабілетін арттырудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.

«Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік оқу орындарына дайындау керек. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Үкіметке »Дарынды баланың қабілетін дамытудың«  жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Үкімет пен әкімдер осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндік жасауы керек»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.