Геннадий Головкин жеңіске жетті

Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченконы ұпай санымен жеңді. 

Былғары қолғап шеберлері шаршы алаңда IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салды.  Алғашқы раундтан бастап Геннадий Головкиннің басымдығы айқындала түсті. Кездесу төрешілердің шешімі бойынша Геннадий Головкиннің жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық боксшы  IBF және IBO тұжырымдарының қос белдісін қайтарып алды.